ГлавноеГосорганы

Мұхамедиұлының соты: Айыпталушы сот отырысында Тұңғышбай Жаманқұловтан жауап алуды сұрады

Астанада экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлының соты жалғасып жатыр. Мұхамедиұлымен бірге істі болған Exponat компаниясының директоры Азамат Көшенов актер Тұңғышбай Жаманқұловтан жауап алуды сұрады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

 

Сотталушы өз өтінішін қылмыстық істің негізі Жаманқұловтың экс-мәдениет министрімен келіспеушіліктен жазған арызы болуымен түсіндірді. Ол танымал қазақстандық әртістің сотқа келіп, өз мәлімдемесін түсіндіріп беруін сұрады.

Ал прокурор Жаманқұловты куәгер ретінде шақырудың қажеті жоқ деп мәлімдеді.

Еске салайық, бұған дейін белгілі қазақстандық актер Тұңғышбай Жаманқұлов бұрынғы мәдениет және спорт министрі, қазіргі ҚР Ұлттық музейінің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлының үстінен арыз жазғанын мойындаған.

 

2017 жылдың маусымында Жаманқұлов 69 миллион теңгеге жуық қаржы жымқырды деген айыппен 3,5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылған еді. Тергеу барысында анықталғандай, «Қазақфильм» киностудиясы «Феникс» фильмін түсірудің алдын ала дайындық және дайындық кезеңіне «T.K. Turan Universal Business» ЖШС-не 79 миллион теңге аударған. Оның 69 миллион теңгесін, айыптаушының айтуынша, Жаманқұлов қалтасына басқан. Жаманқұловтың өзі Мұхамедиұлының айтқанына қарамастан, тағылған айыптардың барлығын жоққа шығарып, кінәсін мойындамайды.

Другие новости

Back to top button