Госорганы

Министрлік халықтан 2 млрд теңгенің қару-жарағын сатып алған

Соңғы 5 жылда атыс қаруынан жасалған қылмыстар саны екі есеге азайған

Ішкі істер министрлігі қазақстандықтардан 2 миллиард теңгеге қару сатып алған. Бұл туралы ІІМ өкілі Шұғыла Тұрлыбек ведомствода өткен брифинг барысында мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Оның айтуынша, тұрғындардан заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрі мен жарылғыш заттарды сатып алу акциясын Ішкі істер министрлігі жыл сайын жүргізіп отырады.

«Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және атыс қаруына қатысты қылмыстардың алдын алу мақсатында жүзеге асырылған акцияға республикалық бюджеттен 88,7 млн ​​теңге бөлінді. Бүгінгі таңда азаматтарымыз ішкі істер органдарына 1 мыңнан астам азамат өтініш білдіріп, өз еркімен 1332 дана атыс қаруын, 10 мыңға жуық винтовкаға арналған патрондарды тапсырды», — деді Шұғыла Тұрлыбек.

25 сәуірде басталған акция бөлінген қаражаттың игерілуіне байланысты Ақтөбе және Түркістан облыстарынан өзге аймақтарда акция тоқтатылған.

Айта кетерлігі, халықтан қару сатып алу шаралары 2008 жылдан бері жүргізіліп келеді. Осы уақыт ішінде азаматтар өз еркімен 54 мыңнан астам атыс қаруын, 2 миллионнан астам винтовкаға арналған патрондарды тапсырған. Қару апсырғандарға барлығы 1,8 миллиард теңге төленді.

 

Другие новости

Back to top button