Образование

Мектепке дайындық 2024: мектеп тауарларына шығындарды қалай азайтуға болады

2024 жылы ата-аналар мектепке дайындыққа 2019 жылмен салыстырғанда 15-20%-ға көп ақша жұмсауға мәжбүр.

Әр жылы жаз мезгілінде ата-аналар баланы мектепке дайындау деген маңызды жұмыспен айналысады. Рюкзактар мен кеңсе тауарларынан бастап мектеп формасы мен аяқ киімге дейінгі мектеп тауарлары жыл сайын отбасылық бюджеттегі ауқымды шығынға айналады. Алайда, соңғы бес жылда инфляция бұл тауарлардың бағасын айтарлықтай өзгертті, осылайша,  отбасына түсетін қаржылық жүктемені арттырды.

Бағаны талдау: 2019 vs. 2024

Visa компаниясының зерттеуіне сәйкес, 2019 жылы ата-аналардың бір баланы мектепке дайындауға жұмсаған орташа сомасы 45 000-нан 60 000 теңгеге дейінгі аралықты болды. Бұл ақшаға мектеп формасының толық жиынтығын, қажетті кеңсе тауарларын, рюкзактар мен оқулықтарды сатып алуға болды. Алайда, соңғы бес жылда бағаның айтарлықтай өсуі байқалады, бұл инфляцияға, экономикалық тұрақсыздыққа және тауарлардың белгілі бір санаттарына сұраныстың артуына байланысты.

2024 жылға қарай баланы мектепке дайындау үшін қажетті ең төменгі сома 70 000 теңгеге дейін өсті. Мектеп тауарлары бағасының өсуі өндіріс шығындарының өсуіне, инфляцияға және экономикалық ауытқуларға байланысты. Ата-аналар үнемдеудің балама жолдарын іздеуге мәжбүр және сол әдістердің бірі — OLX сияқты онлайн маркетплейстер арқылы тауарларды сатып алу.

Маркетплейс арқылы сатып алудың басты артықшылықтарының бірі — айтарлықтай үнемдеу мүмкіндігі. Дәстүрлі дүкендерден айырмашылығы, мұнда сіз жаңа заттарды да, пайдаланылған заттарды да ала аласыз, олар өте жақсы жағдайда және анағұрлым арзан. Сонымен қатар, маркетплейсте сатып алу қарапайым дүкендерде сатып алумен салыстырғанда 10 есе тиімді болуы мүмкін.

Мектепке дайындықтың құны қанша

Маркетплейстер мектеп тауарларын сатып алу кезінде уақыт пен ақшаны үнемдеуге тамаша мүмкіндік береді. OLX-тегі мектеп тауарлары бағасының кейбір мысалдарын келтірейік:

  • Мектеп формасы — оқушының гардеробының негізгі элементтерінің бірі. OLX-те сіз шамамен 7000 теңге бағада мүлдем жаңа жиынтықтарды, сондай-ақ 5000 теңгеге сапалы пайдаланылған нұсқаларды таба аласыз.
  • Мектеп гардеробының тағы бір маңызды атрибуты — аяқ киім. OLX-те сіз орташа бағасы 5000 теңгеге жаңаларын да, 4000 теңгеге пайдаланылған моделін де таба аласыз. Баға айырмашылығы аса үлкен емес, десе де тіпті 1000 теңге үнемдеу пайдалы болуы мүмкін, әсіресе балалар тез өсіп, аяқ киімді жиі ауыстыруға тура келетінін ескерсек.
  • Глобус — бұл жай ғана мектеп аксессуары емес, сонымен қатар географияны үйренудің керемет көмекшісі. OLX 8 000 теңгеге жаңа глобустарды да, 5 000 теңгеге пайдаланылған нұсқаларды да ұсынады, бұл сіздің балаңыз үшін тамаша таңдау болуы мүмкін.
  • Оқулықтар — мектеп шығындарының ең қымбат бөліктерінің бірі болып табылады. OLX-те қолжетімді бағада оқулықтарды табуға болады, ал жаңа және пайдаланылған оқулықтар арасындағы айырмашылық шамамен 700 теңгені құрайды (тиісінше 2 000 және 1 300 теңге). Қажетті оқулықтардың санын ескерсеңіз, бұл аз да болса пайдалы үнемдеу екені сөзсіз.
  • Қаламсауыт — оқушыға қажетті аксессуар. OLX жаңа және пайдаланылған қаламсауыттардың кең таңдауын ұсынады (тиісінше 2 000 және 1 000 теңге).
  • Рюкзак — бұл мектеп құралдарының тағы бір маңызды элементі. Сіз 6 000 теңгеге жаңа рюкзакты таңдай аласыз, сондай-ақ пайдаланылған нұсқаны сатып алу арқылы 2000 теңгені үнемдей аласыз. Ең бастысы — рюкзактың сапасы мен күйіне назар аудару.
  • Түрлі-түсті қарындаштар мен бояулар — баланың шығармашылық дамуының ажырамас бөлігі болып табылады. Орташа алғанда олардың бағасы 1000 теңгені құрайды.
  • Фломастер мектеп қаламсауытына керемет қосымша бола алады. OLX-те орташа бағасы 2 500 теңгеге көптеген нұсқалар ұсынылған, бұл балаға оқу жылын сапалы керек-жарақтармен бастауға мүмкіндік береді.

Қорытындылай келе, бүгінгі экономикалық жағдайда мектеп тауарларын маркетплейстер арқылы сатып алу қазақстандық отбасылар үшін барған сайын тиімді әрі қисынды шешім болып табылатынын атап өтуге болады.

Инфляция мен бағаның өсуі дәстүрлі сауда сапарларының тартымдылығын түсірді, ал маркетплейс уақыт пен ақшаны үнемдеуге мүмкіндік беретін қол жетімді бағадағы тауарлардың кең ауқымын ұсынады. OLX сияқты онлайн платформалар отбасылық бюджетті айтарлықтай үнемдеуге мүмкіндік беріп қана қоймайды, сонымен қатар көптеген дүкендерге баруға уақыт жұмсауды болдырмай, сатып алу процесін оңтайландырады.

 

Другие новости

Back to top button