Образование

Мектеп директорларының айлығы мұғалімдердікінен төмен – министр

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп директорларының айлығы көтерілетінін жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Мектеп әкімшілігінің айлығы мұғалімдікінен де төмен. Сондықтан министрлік мектеп әкімшілігінің яғни, директор мен оның орынбасарларының айлығын көтеру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Бұдан былай мектеп әкімшілігінің айлығы мұғалімдердікінен көп болмаса, аз болмайтын болады. Өйткені мектеп басшыларының жауапкершілігі үлкен. Оларға жүктеліп жатқан міндет көп. Сондықтан мектеп басшылығы тиісті айлығын алуы керек», — деді Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Талдықорғанда ағарту саласының мамандарымен өткен жиында.

Бұған дейін министр мұғалімдерді заңбұзушылықпен қабылдау фактілері ең көп тіркелген аймақтарды атаған болатын.

Мұндай жағдай бойынша Алматы облысының Қарасай ауданы көш бастап тұр.

Сондай-ақ Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев «Алтын белгі» алу үшін ата-аналар түрлі қулық-сұмдыққа баратынын сөз етті.

Министр оқушылар арасындағы төбелеске пікір білдіріп, бірінші кезекте ата-ана баласының тәрбиесіне жауапкершілікпен қарауы керектігін қадап айтты.

Другие новости

Back to top button