Мангистауская область

Маңғыстау облысында жеңіл көлік пен автобус соқтығысып, 3 адам қаза тапты

Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

Маңғыстау облысының Ақшұқыр ауылында автобустың қатысуымен болған жол-көлік апаты кезінде үш адам қаза тапты. Бұл туралы Маңғыстау облыстық ПД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Департамент мәліметінше, қайғылы оқиға 9 қаңтарда сағат 15:35-те орын алған.

ZAZ Chance автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдың қарама-қарсы бетіне шығып King Long автобусымен соқтығысқан. Апат салдарынан оқиға орнында үш адам қаза тапты.

Аталған факт ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігіне сәйкес, Түпқараған ауданы ПБ ЕҚДБ-да «Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеліп соқтырудағы ЖҚЕ бұзушылық» бойынша тіркелген.

Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Другие новости

Back to top button