Культура

«Маған тыныштық берсін»: Асхат Садырбайдың экс-жұбайы не себепті ел алдына шыққанын айтты

Қазақстандық танымал тележүргізуші Асхат Садырбайдың экс-жұбайы ел алдына шығып, не үшін жан сырын ақтарғанын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұған дейін де Айғаным Болатқызы экс-күйеуі Асхат Садырбайдан қорлық көргенін айтқан. Алайда журналистің өзі мұны «Шындыққа жанаспайды» деп қысқа қайырды.

«Мен – Айғаным Болатқызы, Асхат Садырбайдың бұрынғы және екінші әйелімін. Баламның әкесімен бірге тұрғанда қорлық көргенім рас. Әлі де ол менің мазамды алып, балаға таласып, сотқа сүйреп жүр. Сіздер білер-білмес басымнан қаншама сот өтті. Бала сотынан бөлек қаншама соттар болды. Мен сұхбат беруге мәжбүр болдым. Сұхбат беріп едім, оны өшірткізіп тастады. Өзі де сол саланың маманы. Айтпағым, Асхат өзі секілді адамдардың өмірін талқылап, таңғалып рөл ойнап отыр», – деді Айғаным.

Одан кейін экс-жолдасының бірге тұрғандағы ұнамсыз іс-әрекеттерін де айтып, елден көмек сұрады.

«Салтанаттың жағдайынан кейін мен Асхаттан кеткеніме қатты қуандым. Бір құдай сақтап қалған екен. Менің ішімнің ашып, жанымның қатты ауыратыны – ол мені қорлады. Бүкіл өмірімді видеоға түсіріп, ар-намысымды қорлап, өмірімді тас-талқан етті. Сұхбатта айтылған деректердің барлығы тіркелген сотта. Мен ішімдегі осы бір шіріген дүниеден құтылғым келді. Менің осыншама өміріме салмақ түсірді. Денсаулығыма, көңіл күйіме қатты әсер етті. Басымнан сот арылмайтынынан, тыныштық бермейтінінен шаршап кеттім. Сіздерден көмек сұраймын. Асхат Садырбай маған тыныштық берсін», – деді журналистің экс-жұбайы.

Асхат Садырбай бүгін әлеуметтік желіде экс-жұбайының сөздеріне қатысты пікір білдірді.

«Құрметті достар! 10 жыл бұрынғы әңгіме, ойдан шығарылған оқиға, жалған ақпарат тарату, өтірікті шындай айту арқылы менің жеке басыма, отбасыма, іскерлік беделіме нұқсан келтіру мақсатында жасалып жатқан дүрмекке ермеулеріңізді сұраймын! Арнайы тапсырыспен жасалып жатуы да мүмкін. Кішкене күтіңіздер! Заң аясында бәрі анықталады!

Оның сөзінше, Айғаным Болатқызымен 5 жыл бұрын ажырасып кеткен.

«Казіргі уақытта мен балама кемектесіп, кездесіп тұрамын. Басқа мәселелер бойынша барлық тақырып баяныда жабылған. Бұл сұхбат пен материалдың мақсатын түсінбедім. Заңгерлерге жүгіндім. Жұмыс істеп жатыр», – деді ол.

Другие новости

Back to top button