Социум

Лаоста құлдыққа түсіп қалған бойжеткен Қазақстанға оралды

20 тамызда Әнел Бермағанбет Лаос Республикасында өзін күштеп жеке үйде ұстап отырғанын мәлімдеген болатын

Лаоста құлдыққа түсіп қалған отандасымыз Әнел Бермағанбет Қазақстанға оралды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Мен үйдемін, менің Қазақстаным» — деп жазба қалдырды бойжеткен Instagram-парақшасында.

Еске салайық, 20 тамызда Қазақстан азаматы Әнел Бермағанбет Лаос Республикасында өзін күштеп жеке үйде ұстап отырғаны туралы мәлімдеген болатын. Ол шақырту бойынша Таиландқа жұмысқа барғанын, алайда артынша Лаосқа кеткенін, өзін жұмыс берушілердің жабық аймаққа әкеліп, қамап ұстап отырғанынын айтқан еді.

Аталған жайтқа қатысты ҚР полициясы сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады. Сондай-ақ отандасымыз тап болған оқиға туралы ҚР Сыртқы істер министрлігіне хабарланды. Бұл іске сол елдің жергілікті полициясы да араласқан.

Ал 26 тамызда Әнелдің құтқарылып, отанына қайтатыны белгілі болған еді.

Другие новости

Back to top button