Цитаты

Киік санын азайтудың басқа жолы бар ма? – Тәжірибешіл экологтар төрайымы жауап берді

Қазақстанда қасқырлардың саны әлдеқайда төмендеп кеткен. Олар көп кезде киік секілді тұяқтылар өздігінен табиғи жолмен реттеліп отырған. Қазір қасқырлардың көбін атып тастағандықтан, есесіне тұяқтылар саны артқан. Бұл экожүйедегі ауытқудың салдарынан. Сондықтан дамыған мемлекеттердегідей, біздің елде де табиғи жауын пайдалану әдісін заң жүзінде қарастыру қажет.

2015 жылы елімізде киіктер жаппай қырылғаннан кейін бұл жануарға аңшылыққа мораторий жарияланды. Мораторийдің арқасында киіктер саны біршама өсті. Қазіргі таңда мемлекеттік орган тарапынан киіктердің санын реттеу бойынша шара қарастырылып жатыр. Оның басты себебі, егістікті таптап, шабындық даланы күйретіп кетті деген қожалық иелерінің шағымы. Осыған орай, бүгінгі таңда Экология министрлігі киіктердің санын реттеу бойынша іс-шара әзірлеуде. Дегенмен, БАҚ-та айтқанымыздай, бұл мәселені толықтай шешпейді. Мәселенің түпкі себебі жер учаскелерін бөлу мәселесіне келіп тіреледі. Оның үстіне индустриялық жобалардың жасалуы мен автожол, теміржол салуда киіктердің миграция жолдарын ескермей жасауы да мәселені ушықтырып отыр. Сол себепті, кешенді түрде шешім қабылдануы керек, — деді Маликова.

Маликованың айтуынша, киіктерді реттеудің бір жолы оларды жыртқыштар арқылы азайту. Алайда, елімізде қасқыр саны ретсіз атудың нәтижесінде күрт азайып кеткен.

Жалпы, дамыған елдерде осы жануарлардың популяциясын реттеуде аңшылықтан бөлек жануардың табиғи жауын пайдалану әдісі қолданылады, яғни жабайы тұяқтылардың санын реттеуде қасқыр сияқты жыртқыштарды қолданады. Мәселен, Қазақстанда қасқырлардың саны әлдеқайда төмендеп кеткен. Олар көп кезде киік секілді тұяқтылар өздігінен табиғи жолмен реттеліп отырған. Қазір қасқырлардың көбін атып тастағандықтан, есесіне тұяқтылар саны артқан. Бұл экожүйедегі ауытқудың салдарынан. Сондықтан дамыған мемлекеттердегідей, біздің елде де табиғи жауын пайдалану әдісін заң жүзінде қарастыру қажет. Алайда, бізде мемлекеттік деңгейде жануарлардың әртүрлі түрін реттеуде аңшылық әдісі ғана бар, — дейді Тәжірибешіл экологтар төрайымы.

Дереккөз: BAQ.KZ

Другие новости

Back to top button