Социум

Киевте Зеленский мінген көлік жол апатына ұшырады

Бұл туралы баспасөз хатшысы Facebook әлеуметтік желісіне жазды

Украина президенті Владимир Зеленскийдің баспасөз хатшысы Сергей Никифоров мәлім еткендей, президент мінген көлік Киевте жол апатына түскен, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл туралы баспасөз хатшысы Facebook әлеуметтік желісіне жазды.

«Киевте жеңіл автокөлік Украина президенті мінген және оның артынан еріп келе жатқан көліктермен соқтығысқан. Мемлекет басшысының жанындағы дәрігерлер жеңіл көліктің жүргізушісіне алғашқы медициналық көмек көрсетіп, оны жедел жәрдемге табыстаған. Дәрігер сондай-ақ, президенттің де жағдайын тексеріп, алаңдайтын жарақат жоқ екенін айтты. Жол апатының анық-қанығын құқық қорғау органдары анықтайды», — деп жазған баспасөз хатшы.

 

Другие новости

Back to top button