Алматинская область

«Кешірім сұраймыз»: Алматы облысының әкімдігі ұсталар дауына қатысты жауап берді

Тиісті тұлғалар жауапкершілікке тартылатын болды

28 шілдеде Кеген ауданы Қарқара жайлауында Қымызмұрындық өткен. Іс-шара барысында ұсталар әкімдік қкілдерінің көлік ішінде ішімдік далада екі сағат күттіргенін айтқан еді, деп хабарлады Azattyq Ruhy.

Бағдарлама аясында сағат 11.00-ден 11.55-ке дейін ауыл шаруашылығы көрмесі қойылып, шеберлік сағаты өткізілді. Сағат 12.00-де фестивальдің ресми ашылуы болды. Ал сағат 14.30-16.30 аралығында ұлттық спорт түрлерінен жарыс өтті.

«Алдын ала белгіленген бағдарламаға сай, Қымызмұрындық кешкі сағат 17.00-де аяқталуы тиіс еді. Алайда, ұсталар М.Құлменов пен Б. Махмұтұлы көрмелерін сағат 14.30-да жинай бастады. Олар киіз үйдің бірінен түскі ас ішкен соң, ұйымдастырушылар сағат 15.30-ға дейін Алматы қаласына жүретін көлік тауып берген», — деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Кейінірек әлеуметтік желілерде Б. Махмұтұлы ұйымдастырушылардың көлік тауып бермей, көшеде 2 сағат такси күткендерін айтып шағымданған бейнеүндеуі тарады.

Аталған дерекке сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ішкі талдау жүргізді. Жауапты мамандардың қатысуымен Кеген ауданының әкімдігінде жиналыс өткізілді. Жиында аталған келеңсіз жағдай егжей-тегжей талқыланып, мамандарға бірқатар нұсқаулар берілді.

Өз тарапынан Алматы облысының әкімдігі келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.

Ұйымдастыру мәселелеріндегі олқылықтар үшін тиісті тұлғалар жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, олармен мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптарын бұлжытпай сақтау қажеттілігі туралы түсіндірме жүргізілді.

Другие новости

Back to top button