Мангистауская область

Каспий теңізінің тартылуына байланысты Ақтауда төтенше жағдай жарияланды

Ақтауда төтенше жағдай жарияланды. Мұндай шешім Каспий теңізінің тартылуына байланысты қабылданып отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы қала әкімдігі жазды.

“2023 жылдың 7 маусымы сағат 15:00-де Каспий теңізінің тартылуына байланысты орын алуы мүмкін төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында Ақтау қаласы төтенше жағдайдың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысы өтті. Нәтижесінде жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы шешім қабылданды”, — делінген әкімдік ақпаратында.

Сондай-ақ, бұл шешімнің жергілікті «МАЭК» ЖШС жұмысына әсер етпейтіні және тұрғындарды электрмен және сумен жабдықтау штаттық режимде жүзеге асырылатыны жазылған.

Другие новости

Back to top button