Ғылым және техника

«Касперский зертханасы» бес жыл ішінде бүкіләлем бойынша Ашықтық орталықтарының желісінсалды

2023 жылы «Касперский зертханасы» Ақпараттықашықтық жөніндегі жаһандық бастаманың бес жылдығын атап өтеді. Компания оны серіктестер мен тұтынушыларға өнімнің сенімділігін қамтамасыз етугежәне киберқауіпсіздік индустриясында ашықтықстандартын дамытуға көмектесу үшін іске қосты.

Жоба іске қосылған сәттен бастап компанияның осы бастамаға салған инвестицияларының жалпы көлемі7,9 млн АҚШ долларға жетіп отыр. Бүгінде ол алтынегізгі шара мен қадамды қамтиды. Бұл деректердіөңдеу және сақтау инфрақұрылымын әртараптандыру; бүкіл әлем бойынша ашықтық орталықтарын ашу; тұрақты тәуелсіз аудиттер жүргізу; осалдықтарды іздеубағдарламасын іске асыру (bug bounty); АТ-инфрақұрылмының қауіпсіздік деңгейін бағалаудағдыларын алуға мүмкіндік беретін оқытубағдарламасын іске қосу; компанияға құқық қорғауоргандары мен мемлекеттік құрылымдардан қаншадерекке сұраныс түсетіні туралы есептерді жариялау.

Ашықтық орталықтары. «Касперский зертханасы»Ашықтық орталықтарының желісін құрды, ондакиберқауіпсіздікке жауапты клиенттер, серіктестер, мемлекеттік реттеушілер компания шешімдерініңсенімділігін олардың бастапқы кодын зерттеу арқылытексере алады, сонымен қатар, компанияның ішкіпроцестері туралы толығырақ ақпарат ала алады. 2018 жылдың қарашасында Цюрихте алғашқы Ашықтықорталығы ашылғаннан бері компания Еуропада, Солтүстік және Латын Америкасында, сондайақ Азия-Тынық мұхиты аймағында осындай тағы сегіз орталықашты. Бүгінгі таңда «Касперский зертханасы» 60-қа жуық қатысушыға, оның ішінде бүкіл әлемнің ұлттықреттеуші органдары мен компанияларының өкілдерінеарналған брифингтер ұйымдастырды. 2024 жылдыңортасына қарай компания Ашықтық орталықтарыныңжелісін кеңейтіп, Таяу Шығыста, Африкада және Азия-Тынық мұхиты аймағында жаңа орталықтарды ашудыжоспарлап отыр.

Сонымен қатар, «Касперский зертханасы» Ашықтықорталықтарында ұсынылатын мүмкіндіктер ауқымынкеңейтіп келеді. Бұрын үй қолданушылары мен бизнесіүшін флагмандық өнімдердің бастапқы коды ғанаұсынылып келген. 2023 жылдың шілдесінен бастапкомпания корпоративтік клиенттерге арналған барлықon-premise шешімдерінің бастапқы кодына шолужасайды. Сондай-ақ, «Касперский зертханасы» өнімдерінің өзін-өзі сертификаттау нәтижелерін, соныңішінде жобалық құжаттама және қауіп модельдерісияқты элементтерді көруге болады. Бұл еуропалықкибертұрақтылық туралы заң жобасыныңұсыныстарымен байланысты.

Деректерді өңдеу және сақтау инфрақұрылымындиверсификациялау Жаһандық ақпараттықашықтық бастамасының алғашқы қадамдарының біріболды. Компания өз өнімдерін қолданушыларданалынған киберқауіптер туралы деректерді деректердісенімді қорғаумен және бейтараптығымен танымалШвейцарияға көшірді. Бүгінгі таңда Цюрихтегі екі дата-орталығы Еуропадан, Солтүстік және ЛатынАмерикасынан, Таяу Шығыстан және Азия-Тынықмұхиты аймағының кейбір елдерінен келген«Касперский зертханасы» өнімдерін қолданушылардыңдеректерін сақтап, өңдеумен айналысады.

Тәуелсіз аудиттерді ұдайы өткізіп тұру. «Касперский зертханасы» Ақпараттық ашықтық жөніндегі жаһандық бастама аясында өзінің ішкі процестеріне үнемі тәуелсіз баға алады. Компанияның деректерді басқару жүйелері 2019 жылдан бастап ISO/ IEC 27001:2013стандартына сәйкес реттеуші жіктеуді енгізді. Аудит компания шешімдерінің қауіпсіздігін растайды.«Касперский зертханасы» 2019 жылдан бастап SOC 2 аудитін реттеуші түрде ілгерілетіп келеді, ал 2023 жылы алғаш рет Service Organization Control for Service Organizations (SOC 2) Type 2 аудиті өткізілді.

 

«Біз «Касперский зертханасында» қолданушы деректерін қорғауға әрқашан өте байыпты қарадық. Клиенттеріміз бізге сенетін деректердің қауіпсіздігінқамтамасыз ету үшін ақпаратты басқару әдістерінжетекші салалық стандарттарға сәйкестендіре отырып, кешенді тәсілді ұстанамыз, — дейді «Касперский зертханасы» ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жөніндегі директоры Антон Иванов. — Сондай-ақ, біз үшінші тарап аудиторларынтексеруге шақырып, деректерді сақтау және өңдеу үшінсалалық стандарттарға сәйкес келетін орындытаңдадық. Осылайша, біз өз өнімдеріміздіңқолданушыларына олардың деректерінің қауіпсіздігімен құпиялығына толық сенімділік береміз депүміттенеміз».

Осалдықтарды іздеу бағдарламасы. «Касперский зертханасы» 2018 жылдың наурыз айынан бастап шағын осалдықтар туралы 55 хабарлама алды, оларды жойып, бүгінге дейін тәуелсіз зерттеушілерге 77 450 АҚШ долларын сыйақы ретінде төледі.

«Бүгінде бүкіл әлем бойынша компаниялар бағдарламалық жасақтама жеткізушілерінің ашықтығына және бүкіл тізбектегі киберқауіпсіздікке көбірек талаптар қояды. Бұл «Касперский зертханасы»саланы дамытудың болашақ бағыттарын болжайтын және стандарттарды белгілейтін визионер екенін растайды», — дейді «Касперский Зертханасының»мемлекеттік органдармен байланыс жөніндегі директоры Юлия Шлычкова.

Другие новости

Back to top button