Спорт

Канелоны ғана емес, мен Биволды да оңай жеңемін – Жәнібек Әлімханұлы

WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы мексикалық Сауль Канело Альварес пен ресейлік Дмитрий Биволмен рингке түсуі үшін супер орта салмаққа ауысқанын жоққа шығармады. Бұл туралы Stan.kzақпарат агенттігі Vesti.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

 

Әлімханұлы оларды жеңетініне сенімді екенін айтты. Одан бөлек боксшы мексикалық Хайме Мунгиямен және британдық Лиам Смитпен жекпе-жекке қызықпайтынын мәлімдедіг.

«Олар (Мунгуя мен Смит) өткен шақта қалды. Мен артыма қарағым келмейді. Олардың менімен жекпе-жек өткізуге мүмкіндігі болды. Мунгуя деген кім? Ол чемпион емес. Ал мен тек чемпиондармен күрескім келеді.

 

Егер келесі жылы чемпион болмасам,168 фунтта (супер орта салмақта) бокстасамын. «Канело» мен үшін оңай қарсылас. «Канелоны» ғана емес, мен Биволды да оңай жеңемін. Мен өзімді білемін. Уақыт келеді, бәрін өз көзіңізбен көресіз», — деді Жәнібек.

Еске салайық, Әлімханұлы келесі жекпе-жегін 13 мамырда АҚШ-тағы Стоктон аренасында канадалық боксшы Стивен Батлермен өткізеді. Бұл қазақстандық үшін чемпиондық атағын екінші рет қорғауы болмақ.

Другие новости

Back to top button