Восточно-Казахстанская областьВыбор редакции

«Жуынатын бөлмеге зәр шығарып келген»: Өскеменде қарызы үшін кәрізін жауып тастаған тұрғынның көршілері шағымдануда

Өскеменде қарызы үшін кәрізін жауып тастаған тұрғын екі жылдан астам уақыт бойы жуынатын бөлмеге зәр шығарып келген. Мұнымен қоса 11 ит асырайтын тұрғынның қоқыстары да жиналған. Көршілері наразылық танытуда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап. 

 

Тұрғынның дәретханасы да тұтас бір ваннасы да нәжіске толған. Көршісі Ирина Беломицева жоғарғы қабаттағы көршісінің қалдығы бір күні үйіне ағып кете ме деп қорқатынын айтады.

«Қызым бірде қабырғадан су ағып кеткенін айтты. Мен оны тазалап, сүртіп жатсам, су емес зәр болып шықты. Құсып қоя жаздадым. Ол екі жылдан астам уақыт бойы зәрді ваннада қабылдаған. Енді сол қалдықтар бір сәтте менің пәтеріме ағып кете ме деп қорқамын»,- деді  Ирина Беломицева.

Пәтердің иесі мұнымен қоса қоқыстарын да жинап төкпейді екен. Көрші подеьезде тұратын Александра қабырға арқылы жағымсыз иістің келетінін жеткізді.

«Қатты жел тұрғанда сасық иіс бәрі үйге тарайды. Сұмдық тұншығып жатырмыз. Біз учаскеге хабарластық. 45-пәтердегі көршісі Ирина арыз жазды. Бірақ ол қабылданбады «,- деді Александра Поселуева.

Көршілер оның қарызын жауып, су құбыры мен кәрізді пәтерге қосуды шешкен.
Алайда шара қолданбағанына үш ай болған. Су арнасы диспетчерлік қызметі маман мен  техникалық мүмкіндіктің жоқ екенін жеткізген.

“Екі жыл бұрын еріктілер Плюшкин синдромына шалдыққан зейнеткердің пәтерінен 17 тонна қоқыс шығарған болатын. Бірақ бұл еңбек бекер кеткен сияқты»,- деді тұрғын Зәуреш Бітімбаева.

Сонымен қатар зейнеткердің он бір иті болған. Алайда көршілер бұл жағдайда мазамызды алады деп сотқа беріп, жеңіп шыққан.

«Судья учаскелік полиция қызметкерімен бірге келіп, пәтерді қарады. Бірақ кіру мүмкін болмады. Себебі иіс, иттер, қоқыс жиналған. Сот оған ит ұстауға тыйым салған. Енді бұл шешімді орындау үшін сот орындаушылары ақы сұрайды»,- деп қосты Ирина Нұршайықова.

Бұрын заңгер болған Виктолина Викторовна пәтердегі қоқыс тек иттердің кесірінен екенін айтады. Ол иттерді далаға тастауға қарсы екенін жеткізді

Психотерапевт Венера Көкенова бұл жағдайға байланысты Плюшкин синдромы негізінен қоғамнан оқшауланғандарда болатынын тілге тиек етті.

“Бұл бір кездері жетістікке, кәсіби табысқа жетіп, назарда болған адамдарда да байқалады. Мүмкін, олар өзін-өзі көрсету қабілетін жоғалтқаннан кейін сол босаған кеңістікті мысық, итпен толтыруы мүмкін. Тіпті тазалыққа қарамауы да соны білдіреді”,- деді Венера Көкенова.

Венера Көкенова мұндай адамдарға тек мамандардың көмектесе алатынын жеткізді. Сөзінше, заң бойынша бұл мәселені қарастыру қиын. Себебі әркімнің өз пәтеріне қоқыс тасуына тыйым салынбаған.Олармен жанжалдасу да пайда әкелмейді. Мұндай ауруға қатты күйзеліс әкеліп соғуы мүмкін. Сондықтан жалғызбасты адамдарға уақыт бөлінетін арнайы қызметтер жұмыс істеуі керек.

Другие новости

Back to top button