Жетысуская область

Жетісу облысында 30 адам қар құрсауынан құтқарылды

Ауа-райына байланысты бірнеше автокөлік қар құрсауында тұрып қалған

Жетісу облысында 30 адам қар құрсауынан құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

16 желтоқсанда сағат 07.40-та облыстық ТЖД-не Алакөл ауданында, «Үшарал-Достық» автожолының «Ырғайты» учаскесінде ауа-райына байланысты қар құрсауында бірнеше автокөліктің тұрып қалғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Сағат 15.30-да Жетісу облысы ТЖД қызметкерлерінің күшімен 14 автокөліктің салондарынан 24 адам құтқарылып, Үшарал қаласы мен Достық станциясына жеткізілді.

Сонымен қатар, сол күні таңертең ТЖД құтқарушылары «Үшарал-Достық» автожолына 15 желтоқсан күні кешке қар тұтқында тұрып қалған үш көліктен 6 адамды құтқарды.

Другие новости

Back to top button