Туркестанская область
Жетісайда ата-анасы екі кішкентай баласын құлыптаулы көлікке қалдырып кеткен
Ерлі-зайыптылар диагностикалық орталыққа кезекке тұрып келу үшін 10 минуттай ғана уақытқа кеткенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Полицейлерге Жетісай қаласының тұрғыны хабарласып, қала көшелерінің бірінде Toyota Camry көлігінің ішінде 5 жасар қыз бен сәби жалғыз қалғанын мәлімдеді, деп жазды Ішкі істер министрлігінің ақпарттық порталы.
Оқиға орнына бірден шыққан полицейлер тиісті тексеріс жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде балалардың ата-аналары анықталып, жауап алынды.
Қазір нәресте мен 5 жасар қыздың жағдайы жақсы, ата-анасының жанында.
Тәртіп сақшылары кішкентайлардың ата-анасына түсіндіру жұмысын жүргізді.