Выбор редакцииГосорганы

Жеті облыстың тұрғындары әлеуметтік көмірді мобильді қосымша арқылы сатып ала алады

Көмір сапасы көңілден шықпаса, сатып алушылар оны қайтарып беруге құқылы

Елімізде жеті облыстың тұрғындары әлеуметтік көмірді банктік мобильді қосымша арқылы сатып ала алады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, ведомство жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп Halyk Market платформасына операторларды қосу бойынша жұмысты жалғастырып жатыр.

«Бүгінгі таңда еліміздің 11 өңірлік операторы Halyk Market платформасы арқылы көмірді саудалауда. Ендігі кезекте жаңа пилоттық жобаға Қызылорда, Жамбыл, Павлодар, Қостанай, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Алматы қаласы қосылды», — делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, Halyk Homebank банктік қосымшасы арқылы Halyk Market бөлімінде көмірді сату нүктесін, қажетті маркасы мен көлемін таңдап, онлайн-төлем жасауға немесе тауарды 3 айдан 6 айға дейін бөліп төлеуге болады. Аталған шешім қатты отынды тікелей көмір тұйығынан кезексіз сатып алуға әрі жылыту маусымына дайындықты айтарлықтай жеңілдетуге мүмкіндік береді.

«Интернет арқылы сатып алынған көмірдің сапасы көңілден шықпаған жағдайда, сатып алушылар тауарды қайтарып беруге құқылы екенін атап өткен жөн. Жүктелетін көмірдің сапасына көз жеткізгеннен кейін тұрғындар қатты отынды өздеріне ыңғайлы уақытта алып кете алады», — делінген хабарламада.

 

Другие новости

Back to top button