Нур-Султан

Желіде Астанадағы мектептердің бірінде тарақандардың өріп жүргені түсірілген видео пайда болды (видео)

Желіде елордадағы мектептердің бірінде тарақандар қаптап жүргені түсірілген видео пайда болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

 

 

Видео авторының айтуынша, кадр Астанадағы №73 мектеп-лицейде түсірілген. Аталған жағдайға қатысты Астана қаласы білім басқармасының хабарлауынша, мектеп ғимаратын соңғы рет дезинфекциялау 2023 жылдың 15 желтоқсанында жүргізілген.

«№73 мектеп-лицейінде ай сайын жалпы санитарлық дезинфекция жүргізіледі. Желтоқсан айында санитарлық тазарту жұмыстарын дұрыс жүргізбегендіктен санитарлық тазалау қызметін ұсынатын мердігер компанияға талап-арыз жолданатын болады. Білім беру мекемесін, оның ішінде жертөлелерді толық дезинфекциялау 2024 жылдың 12 қаңтарына жоспарлануда. Қазіргі уақытта жәндіктер табылған киім ауыстыратын бөлме басқа бөлмеге ауыстырылған», — делінген хабарламада.

Айтуларынша, дезинфекциялау жұмыстары балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сабақтан кейін, кешкі уақытта жүргізіледі.

Другие новости

Back to top button