Недра Казахстана

Жанармайды Қазақстаннан көрші елдерге шығаратындар жылына 140 млн доллар пайда тауып отыр — Болат Ақшолақов

ҚР Энергетика министрінің міндетін атқарушы Болат Ақшолақов Қазақстаннан дизель отынын көрші елдерге шығаратындар қанша пайда тауып жатқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстаннан дизель отынын түрлі жолдарды пайдаланып, шетелге сатудан түсетін («көлеңкелі» экспорттан) пайда 50 пайыздан 120 пайызға дейін жетеді. Жалпы пайда жылына шамамен 140 млн АҚШ долларына дейін жетеді», — деді Б. Ақшолақов Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, жүк көліктері қосымша цистерналармен жабдықталған көптеген фактілер бар. Осылайша, бір жүк көлігі бірден бір тоннадан төрт тоннаға дейін жанармай құя алады. Егер мұндай жүк көлігі Қазақстанда жанармай құйып, Өзбекстанға отынды өткізуге барса, 1 тоннадан 700 доллар пайда табуға болады. Сонымен қатар Қырғызстанға барса, 250 доллар табыс алады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстанда бензин мен дизель отынының бағасы өседі.

ҚР Энергетика министрінің міндетін атқарушы Болат Ақшолақов елімізде жанармай бағасының өсуіне қандай себептер әсер етіп отырғанын айтты.

Другие новости

Back to top button