Социум

Жаңадан құрылған облыстарда тұрғын үй бағасы 10%-ке өскен

Сарапшылар сұраныстың азаюы үлескерлер дауының қайта өршуіне алып келуі мүмкін деп отыр

Жаңадан құрылған облыстарда тұрғын үй бағасы 10%-ке өскен. Жылжымайтын мүлік федерациясының басшысы Ермек Мүсірепов мұны қолдан жасалған қымбатшылыққа балады. Ол жергілікті халықтан сұраныс азайғанда, баға қалпына келеріне сенімді, деп хабарлайды «Хабар 24»

Жаңа өңірлер ғана емес, жалпы ел аумағында мүлікті сатып алу-сату келісімдері біршама азайған. Оған не себеп?

Мамандар тұрғын үйдің өз бағасын есептеу қиындағанын айтады. Оған әлемдегі геосаяси ахуал, қымбатшылық, логистикалық кедергілер әрі құрылыс материалдарының 90 проценттейі шетелден алынуы себеп. Риэлторлар сатушылардың екінші нарықтағы пәтер бағасын шарықтатып қойғанын айтады. Әсіресе, Семей, Жезқазған, Қонаев қалаларында 10 процентке өскен. Осылайша 1 шаршы метрі 250-300 мың теңгені құрады. Сәл түсіргендей болатындар, әлбетте, мүлік кілтін жаңа иесіне табыстайды.

Наурыздан бері елде ай сайынғы жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату келісімдері 30 мыңға азайып жатыр. Халық екінші нарықтағы бір бөлмелі пәтерлерді көп таңдайтын болған. Ал әзірге баспананың арзандайтынын айтып, сүйінші сұрауға ешкім асықпайды. Себебі нарықтағы ахуалды болжау қиын. Саладағы сарапшы Зульфия Гетманчук сұраныстың азаюы үлескерлер дауының қайта өршуіне алып келуі мүмкін дейді.

Другие новости

Back to top button