Туркестанская область

Жаңа Қазақстанның ботаника ғылымы: қаңтарда Түркістанда дөңгелек үстел өтеді

2023 жылдың 19-20 қаңтарда Түркістанда Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ұйымдастыруымен «Жаңа Қазақстанның заманауи ботаника ғылымының басымдықтары – идеядан іске асыруға дейін» тақырыбында республикалық дөңгелек үстел өтеді.

Дөңгелек үстелге ХҚТУ ҒЗИ директоры, профессор Нұғман Аралбай; кафедра меңгерушісі, доцент Ержан Исаев, биология ғылымдарының кандидаты, доцент Айжан Жаманғара, профессор Гүлмира Сатыбалдиева және өзге де қонақтар қатысады.

Екі күн ішінде ғалымдар Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы ботаника ғылымының дамуы мен алдағы жұмыстардың басым бағыттарын, еліміздегі табиғи жайылымдар мен геоботаника ғылымының мәселелерін талқылайды.

Жаңа Қазақстанда цифрландыру және ботаникалық номенклатура мәселелеріне – қазақ тіліндегі ботаникалық терминдер жүйесін қалыптастыру мәселесіне де назар аударылады.

Другие новости

Back to top button