Госорганы

Жаңа көші-қон ережесі: енді ресейліктердің Қазақстанға келу шарты қатаңдатылады

27 қаңтардан бастап шетелдіктер үшін қатаңдатылған ереже күшіне енді

Қазақстанда 27 қаңтардан бастап жаңартылған көші-қон ережелері күшіне енді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұған дейінгі заң аясында 180 күндік мерзімге қатысты шектеулер болмаған еді. Енді ресейліктер елден қысқа уақытқа кетіп, қайтадан кіру арқылы Қазақстанда болу шарттарын қайта-қайта жаңарту мүмкіндігінен айырылады.

«27 қаңтардан кейін келгендер үшін жаңа есеп болады. Оның бәрін шекарада тұрған компьютерлік бағдарлама есептеп береді. Ал бұған дейін елімізге келгенлерге оның қатысты жоқ… Егер адам қазір кетіп, 27 қаңтарда келсе, жаңа мерзім 90 күнге есептелетін болады. Заңның кері күші жоқ», — деді ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитетінің сыртқы көші-қон департаментінің басшысы Асқар Алдоңғаров Sputnik.kz-ке берген сұхбатында.

Заңнамаға енгізілген түзетулер оны халықаралық тәжірибеге сәйкестендіреді.

«Бұл заңды қатайту емес, оны халықаралық тәжірибеге сәйкестендіру болмақ: барлық елде 90 күн ғана бола аласыз, содан кейін құжаттар рәсімделіп, виза және т.б. алу керек», — деді ІІМ өкілі.

Ол сондай-ақ «90/180» ережесінің Қазақстанға визамен келгендерге қолданылмайтынын, өйткені олар үшін заңды болу мерзімі виза уақытымен аяқталатынын, сондай-ақ осы елде уақытша тұруға рұқсат алғандарға да қатысты екенін айтты. Олар үшін елде болу мерзімі құжаттың ұзақтығымен анықталады, бұл өз кезегінде еңбек шартының мерзіміне байланысты болмақ.

«Бұл жаңашылдық бұрыннан әзірленіп келген, бұл біздің елге визасыз келген барлық шетелдікке қатысты. Ресей немесе ЕАЭО елдерінің азаматтары ғана емес, «визаран» (елде болу мерзімін ұзарту үшін шетелге қысқамерзімді сапарға шығу – ред.) үшін де қолданылады. Тіпті, Түркия мен басқа елдердің азаматтарына да қолданылады»,- деді Алдоңғаров.

Фейсбук парақшамызға кіріп, пікір қалдырыңыз, сынаңыз, ұсыныңыз

Біздің телеграм каналымызға жазылыңыз және жаңалықтарды қадағалаңыз

Другие новости

Back to top button