Шымкент

«Ішіме бөтелке лақтырып, сәбиімнен айырылдым»: Шымкентте 18 жастағы бойжеткен қысым көрсеткен күйеуін әділ тергеуді талап етуде

Шымкентте 18 жастағы тұрғынға отасқанына бір жыл толмастан күйеуі қысым көреткен. Айтуынша, жары тіпті бірінші баласына жүкті кезінде ішін бөтелкемен ұрып, нәрестенің шетінеуіне себеп болған екен. Бойжеткен қазір ұанша шағымданса да оның күйеуі бұл ақпаратты жоққа шығарып отыр деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Оtyrar.kz порталына сілтеме жасап.

 

Бойжеткен өзіне талай рет қорлық көрсеткен күйеуі жайлы айтты.

“Соңғы рет ол мені қатты ұрып, көшеге тастап кетті. Қазір екінші балама жүктімін. Соған қарамастан мені аямады. Сол күні ол мені балағаттап, ашуланып, айқайлап, қатты ұрды. Сосын мені көшеге сүйреп шығарып, көң жинауға мәжбүрлей бастады. Тіпті маған соны жегіземін деді. Кейін көлігімен бір жерге апарды. Сөйтіп көшеде тағы ұрыстық. Кейін ол көлікке мініп, мен көліктің тұтқасын ашып үлгерместен жүре жөнелді. Сол жерде ішіммен құладым. Ал ол құлағанымды көріп, мысқылдап күліп кетіп қалды. Бұған дейін бірінші балама жүкті кезімде де екі литрлік бөтелкені ішіме лақтырып, сәбиімнен айырылып қалған едім»,- деді ару.

Бұл жағдайдан соң ол жансақтау бөліміне түскен. Бірақ қорыққанынан отбасына ештеңе айтпай, шыдап жүре берген. Себебі жанұясы керсінше өзін кінәлай ма деп үрейленген.

Жәбірленушінің анасы қызының тұрмыста қиналып жүргенін жансақтау бөліміне түскен сәтінде бір-ақ білген.

«Мен бұл жағдай туралы мүлде білмедім. Ол бізге сөйлесіп тұруға ретін келтірмейтін. Барлығын 26 наурызда қызым ауруханаға түскенде ғана ұқтым. Барлығын естіген бойда олар арыз жаздық. Бірінші баласынан соның кесірінен айырылғанын да ұқпаппыз. Мен оның жазасын алғанын қалаймын! Қызымды қалай ұрса өзі де солай таяқ жеуі керек»,- деді анасы.

Ал қыздың күйеуі бұл ақпаратты жоққа шығарды. Ол әйеліне саусағының ұшын да тигізбегенін алға тартты. Айтуынша, олардың бір-бірін түсінісе алмағандықтан айрылысуға тура келген.

«Ондай ештеңе болған жоқ. Ол полицияға шағымданыпты. Тіпті полицияның өзі  бұл іспен айналысқысы келмейді. Егер мен оны шынымен ұрып кетсем, ол ауруханаға түскен кезде полиция мені ұстап алар еді ғой. Ол басқа себеппен кетіп қалды. Біз тіл табыса алмадық»,- деді қыздың күйеуі.

Шымкент қаласы ҚДП Абай ауданы бойынша ӨФ учаскелік инспекторы Бауыржан Қоштаев қазір барлығы анықталып жатқанын айтты.

«Ағымдағы жылдың 23 наурызында «Самал-3» шағын ауданының тұрғыны арыз жазған. Ол өз арызында күйеуінің үнемі ұрып-соғатынын көрсеткен. Факті Абай аудандық ішкі істер бөлімінің бірыңғай реестріне тіркелді. Сараптама тағайындалды. Сараптама қорытындысы бойынша шешім қабылданады”,- деді инспектор.

Оқиғадан кейін күйеуі жәбір көрген әйелінен кешірім де сұрамаған. Ал қыз зорлық жазасыз қала ма деп қорқып, әділ тергеуді талап етуде.

Другие новости

Back to top button