Социум

Ирандағы әйелдер көтерілісінен қаза тапқандар саны 41 адамға жетті

Шетел жаңалықтарына шолу

Екі аптадан бері өтіп жатқан митингтің басталуына 22 жастағы қыздың өлімі себепкер болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

Махсы Амина есімді бойжеткенді полиция шашын толық жаппағаны үшін жазаламақ болған. Қыздың өлімі бүкіл ел көлемінде әйелдердің көтерілісіне ұласты.

Мемлекеттік БАҚ 41 адамның қаза тауып, 1200 астам әйелдің тұтқындалғанын жариялаған. Қаза тапқандар мен жарақат алғандар арасында құқық қорғау органдарының қызметкерлері де бар. Алайда, Норвегиядағы ирандықтардың құқығын қорғаушы топтың мәліметінше, қайтыс болғандардың саны ресми мәліметтен екі есе көп.

«Оқ тиып, күш қолданудан 76 адам қайтыс болды», — деп мәлімдеді зерттеуші топ.

Митинг 17 қыркүйекте елдің солтүстік-батысындағы Сакес қаласында басталған еді. Кейін наразылыққа ел астанасы Тегерандағы әйелдер қосылды. Хиджабты дұрыс кимедің деген желеумен полиция жаз қызды соққыға жыққан. Түрлі дене жарақатын алған бойжеткен үш күн комада жатып, ес жимаған қалпы қайтыс болды. Ал полиция өзінің заңсыз әрекетін жасыру үшін» Амина жүрек талмасынан өлді» деп мәлімдеген.

ТЫВАДА ӘЙЕЛДЕР МОБИЛИЗАЦИЯҒА ҚАРСЫ МИТИНГ ӨТКІЗДІ

Тыва Республикасының астанасы Қызыл қаласында әйелдер мобилизацияға қарсы митинг өткізді. Әйелдер еркек кіндіктіні Украинаға қарсы соғысқа әкетуге қарсы шыққанымен, полиция оларды бірден тұтқындаған.

Куәгерлердің айтуынша, наразылық шарасын ұйымдастырушылардан полиция саны әлдеқайда басым болған. Полиция бөлімшесіне жеткізілгендердің арасында бала да бар.

Айта кетсек, бұған дейін Якутия мен Дағыстан елдерінде әйелдер митинг өткізген болатын. Мобилизацияға қарсы шыққан әйелдерді полиция күштеп басып тастады. Дағыстандық әйелдердің үстінен 30 қылмыстық іс ашылған.

Ал Тыва билігі әйелдер митинг өткізіп жатқанда ерлерді соғысқа әкету туралы бұйрықтың 100% орындалғанын хабарлады.

РЕСЕЙГЕ БАҒЫНЫШТЫ ТАҒЫ ЕКІ РЕСПУБЛИКА ПАЙДА БОЛДЫ

Владимир Путин Херсон және Запорожье облыстарының тәуелсіздігін мойындау туралы жарлыққа қол қойды. Украинадан аннексияланған аумақтың тәуелсіздігін мойындау туралы жарлыққа Ресей Федерациясының президенті қол қойды. Путин Херсон және Запорожье облыстарын тәуелсіз аумақтар деп тану туралы жарлыққа қол қойды. Құжаттар ресми интернет-порталда жарияланды.

«Халықаралық құқықтың жалпылай қабылданған қағидаттары мен нормаларына сәйкес, БҰҰ Жарғысында бекітілген халықтардың тең құқықтары мен өзін-өзі билеу принципін растай отырып, мен 2022 жылғы 27 қыркүйекте өткен референдумдағы Херсон облысы халқының еркін ескере келе, Запорожье/Херсон облысының егемендігі мен тәуелсіздігін мойындау туралы шешім қабылдадым», — делінген құжаттарда.

Украинаға тиесілі бұл аймақтарда Ресейге қосылу туралы референдум 23-27 қыркүйек аралығында өткен болатын. Ресей президенті бүгін тәуелсіздігін жариялаған аумақтың басшыларымен кездесу өткізіп, келісімдерге қол қоймақ.

Другие новости

Back to top button