Ақша

Халықтың депозитке салған салымы жыл басынан бері 11 %-ға өсті

Өсу көрсеткіші 21 банктің 18-інде байқалды

Екінші деңгейлі банктерде жеке тұлғалардың депозитке салған салым көлемі артты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy finprom.kz сілтеме жасап.

Осы жылдың қазан айының соңында жеке тұлғалардың екінші деңгейлі банктеріндегі депозит көлемі жыл басынан бері 1,8 трлн теңгеге немесе 10,8%-ға ұлғайды. Өсу көрсеткіші 21 банктің 18-інде байқалады.

Kaspi Bank еліміздегі барлық екінші деңгейлі банктер арасында жеке тұлғалардың депозиттерінің көлемін ұлғайту бойынша көшбасшы атанды. Жыл басынан бері өсім 891,9 млрд теңгені немесе 24,1%, 4,6 трлн теңгені құрады. Депозиттердің өсімі бойынша екінші орын Еуразиялық банкке (1 трлн теңге), үшінші орын «Береке» (359,6 млрд теңге) банкке тиесілі.

Тұтастай алғанда, жеке тұлғалардың депозиттері көлемінің серпіні жылдан-жылға оң күйінде қалып отыр, бұл халықтың депозиттерге сұранысы мен банктерге деген сенімінің артқанын көрсетеді.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының ЕДБ-леріндегі халық салымдарының құрылымы келесідей:

  •  мерзімді депозиттер – 76,4%;
  •  жинақ салымдары – 7,7%;
  •  талап етуге дейінгі депозиттер – 0,3%;
  •  шартты депозиттер – 0,02%;
  •  ағымдағы шоттар – 15,6%.

Другие новости

Back to top button