Социум

Грузияда көлік қымбаттады

Теңіз тасымалының ақысы айтарлықтай көтерілген

Қазақстандықтарға Грузиядан көлік әкелу тиімсіз болып барады. Өйткені ол жақта да баға көтерілді, деп хабарлайды   «Хабар 24».

Утилизациялық алым сомасы азайғалы ел азаматтары Тбилиси жанындағы Рустави қаласына ағыла бастаған еді. Сол жақтан жылы жаңа арзан көлік әкелетін.

Бірден айту керек, Грузия көлік шығармайды. Олар АҚШ-та жол апатына түсіп, аукционға шығарылған көліктерді әкеп, жөндеп сатады. Кейінгі бір-екі айда бағасы 4-5 мың долларға қымбаттады. Оның бірнеше себебі бар. Біріншіден, сұраныс артты. Ресейге салынған санкциялар және рубльдің нығаюына байланысты көрші ел азаматтары Грузия базарына лап берді. Екіншіден, теңіз тасымалының ақысы айтарлықтай көтерілген. Сондықтан темір тұлпардың құны да қымбаттады.

Другие новости

Back to top button