Спорт

FIDE 2023 әлем чемпионатына хиджабсыз шыққан ирандық гроссмейстер Иранға қайта бармауының себебін айтты

Қазақстанда өткен FIDE 2023 әлем чемпионатында хиджабсыз өнер көрсеткен ирандық гроссмейстер Сара Хадем Иранға бармауының себебін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі AS басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

 

26 жастағы шахматшы Испанияға қашу және Иранға қайта оралмау себебін атады.

«Үкіметті қолдап, хиджаб киіп алып шахмат ойнап жүрсем елдегі адамдар мен туралы не ойлайды. Жаңа туған ұлымыз бар. Мен мұның салдарын түсіндім, сондықтан күйеуіммен алдын ала бәрін талқыладық. Ол мені үнемі қолдап келеді. Махса Аминидің қайтыс болғаны туралы хабарды көргенде, біз қатты таң қалдық.

Ұлым Сэмнің жасына байланысты оны үнемі өзіммен бірге ертіп жүремін. Ал күйеуім турнирлерде жанымда болып, қолдау білдіреді. Мамандығым бойынша шенген визасы бар. Ал күйеуім мен ұлым Канада азаматтары. Сондықтан Шенген аймағына кіру қиындық тудырмады. Алайда біз осыған дейін көптеген қиындықтарды бастан кешірдік. Егер Иранға қайта оралатын болсам олардың мені тұтқынға алатыны сөзсіз», — деді Хадем.

Еске сала кетейік, 2022 жылдың қыркүйегінде 22 жастағы ирандық Махса Амини Тегерандағы (Иран) ауруханада қайтыс болған еді. Вице-полиция қызды хиджабты дұрыс кимегені үшін қамауға алған. Ресми нұсқа бойынша, қызды полиция қатты соққыға жыққан. Алайда Иран билігі бұл нұсқаны жоққа шығарды. Салдарынан Иранда 2022 және 2023 жылдар аралығында наразылық акциясы болған еді.

Другие новости

Back to top button