Социум

«Есі дұрыс қазақ аттың басынан қамшымен ұрмайды»: Төреғали Төреәлінің басы тағы да дауда қалды

Оның үстінен қылмыстық іс қозғалып, тергеліп жатыр

Танымал әнші Төреғали Төреәлінің атқа мінген видеосы әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Жылқының басынан қамшымен ұрған әншіні желі қолданушылары сынап тастаған.

Еске салсақ, Төреғали Төреәлі Алматы облысындағы Көлсай демалыс аймағына барып, жергілікті тұрғындардың бірімен ерегісіп, оның басын жарған болатын. Қазір оның үстінен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Тақырыпқа орай: Төреғали Төреәлі Көлсайда гидті соққыға жықты деп айыпталды

Ал, әншінің атқа дұрыс отыра алмайтынын айтқан Бақтияр Тоқтаубай есімді азамат дәл осы Көлсайда түсірілген кезекті видеороликті әлеуметтік желіге жүктеді. Видео астында Facebook-қолданушыларының жағымсыз пікірлері қаптап кеткен.

Другие новости

Back to top button