Культура

«Ене — екінші анаң емес»: коуч Роза Әшірбаева мінезі нашар енелерден бөлек шығу керек дейді (ВИДЕО)

Белгілі коуч, заңгер Роза Әшірбаева ене ұғымына түсінік беріп, қазақтың келіндеріне ақыл айтты. Оның сөзінше, егер қыз-келіншектер мінезі нашар, тілі уытты енемен бірге тұрып, оған 15-20 жыл өмірін арнаса, бұл  – қателік, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Жан-жағына уын шашқан енемен бірге тұруға болмайды. Қатқан нан мен қара су ішсең де олай өмір сүруге болмайды. Бұл сенің өміріңді құртады. Гүлденген өміріңді, ең жас, энергияға толы уақытыңды бір есерсоқ адамның еркелігін көтеруге арнама. Сенің 15-20 жыл уақытың сіріңке тұтатқандай жоқ болады. Өмірінде түк  істемеген, өзіне не өзгеге пайдасы тимеген жасы үлкенді қазақтың жастары сыйлайды. Жасы үлкен деп қанша қуып кеткен үлкен кісілерді де сыйлайды. Ер адамдар «үлкенді сыйлау керек, ата-анаң жынды болса, байлап бақ» дейді. Ата-анаңа солай істе, бірақ, ата-енеңе емес. Ата-анасы жынды болса, еркектер өзі бағуы керек. Ата-анасының қызметін өзі істесін. Жұмыстан келген соң, нашар мінезіне шыдап, тамақ істеп, ыдыс жуып берсін», — дейді ол.

Ол заң тұрғысынан да ене мен келіннің бір-біріне ешқашан туыс бола алмайтынын айтты.

«Ене — екінші анаң деген түсінік қате. Заң алдында да ененің ешқандай туыстық қатынасы жоқ. Әйелге заң алдында тек ата-анасы, бауырлары, заңды күйеуі, бала-шағасы ғана туыс болып есептеледі. Ене — бөтен адам, осыны түсіну керек, қазақта енені тек жан-жарымның анасы деп сыйлаған. Осы түсініктен таймайық. Келінді ұлымның таңдауы, сүйіктісі деп сыйлаған ененің абыройы жоғары, құрметі жоғары. Ондай ене — алтын!», — дейді коуч.

Желдегілер келін мен ене тақырыбында өздерінің оқиғаларын жазып өткен.

Другие новости

Back to top button