Культура

«Емін жалғастырып жатыр»: Пародист Олжас Сыдықбек Жүрсін Ерманның қазіргі жағдайы туралы айтты

Сырқаттанып қалған Жүрсін Ерманның жағдайын сұрап баған танымал пародист Олжас Сыдықбек ақынның ем қабылдауды жалғастырып жатқанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

 

Олжас Сыдықбек әлеуметтік желідегі парақшасында айтыскер ақынмен және оның жұбайы Бақытжамалмен бірге түскен суретін жариялады.

“Жүрсін ағаға сәлем бере үйіне келдім. Хал сұрасып, жағдай білісіп, екі-үш сағат отырып әңгімелестік. Бақытжамал апай дастархан жайды. Қызыл-күрең шәй үстінде отырып біраз өткен-кеткенді еске алдық. Ағаның “Деген екендерін” айттық. Өзінің есінде қалмаған, ұмытып қалған әңгімелерін де айтып, еске түсірдік. Риза боп, көңілі жадырап қалды. Жүрсін аға қазір емін жалғастырып жатыр. Аптасына үш рет 4 сағаттан ауруханада жатып, процедураларын қабылдайды екен. Алла шипасын берсін! Тезірек сауығып кетуін тілейміз”, – деп жазды пародист.

Желі қолданушылары да айтыскер ақынға тілекші екендерін айтып, дертіне шипа тіледі.

“Алла аурудың ізі де қалмайтындай шипа берсінші”, “Көп тілеуі көл дейді. Сауығып кетіңіз”, “Жасыңыз жүзге келсін”, “Айтыстың қара нары, Алла шипасын берсін”, “Дауысыңызды сағындық. Ағасының халін сұрап барған ініден айналдық”, – деп жылы лебізін арнады халық.

Другие новости

Back to top button