Спорт

Елордада грек-рим күресінен халықаралық турнир өтеді

Астана қаласында грек-рим күресінен қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада және әлем чемпионы, Қазақстанның Еңбек ері Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған халықаралық турнир өтеді. ҚазАқпарат бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Жарысқа 20 жасқа дейінгі балуандар қатысады. Байрақты бәсекеде әлемнің ең үздік бозкілем шеберлері 10 салмақ дәрежесінде сынға түседі.

Турнирдің ресми ашылу салтанаты 16 мамыр күні сағат 17:30-да Ж. Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтеді.

Іс-шара Мәдениет және спорт министрлігі, Астана қаласының әкімдігі және Күрес федерациясының ұйымдастыруымен өткізіледі.

Другие новости

Back to top button