Социум

Елімізге дәрі-дәрмек қайдан жеткізілетіні белгілі болды

Бұл туралы «СҚ-Фармация» ЖШС басқарма басшысы Ерхат Искалиев Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Айтуынша, дәрі-дәрмек мәселесі шешіліп жатыр.

Бастапқыда бұл жағдай орын алған кезде (Украинадан дәрі жеткізудің тоқтатылуы – ред.) форс-мажорға сәйкес біз келісімшартты бұзып, 19 аталым дәрі-дәрмекті сатып алдық. Оларды үнділік, қытайлық, египеттік, европалық препараттармен алмастырдық. Алты аталым бойынша сатып алу жұмыстарын жүргізу үстіндеміз, — деп атап өтті басқарма басшысы.

Сонымен қатар ол бастапқыда логистика проблемасының орын алғанын да жасырмады.

Бізге Kazlogistics ресейлік  және белорусьтік көліктерді қазақстандыққа қайта бағыттауға көмектесті. Себебі Еуропада тасымалды тек қазақстандық көліктер жасай алатындығы туралы мәселе тұрды. Осы аумақтар бойынша баламалы бағдарлар жасалды. Бүгінгі таңда шешім қабылданып, дәрі тасымалдау бойынша олқылықтар жоқ. Дәрі-дәрмекті қазір Кавказ, Түркиия арқылы жеткізіп отырмыз, — деді Ерхат Искалиев.

Еске сала кетейік, бұған дейін басқарма басшысы айына қанша теңге жалақы алатынын айтқан болатын.

Другие новости

Back to top button