Недра Казахстана
Елімізде табиғи газ өндірісі төмендеді
![](https://matritca.kz/wp-content/uploads/2022/12/f84a6ac9-7889-49f1-b9a2-9c069664ca4b-780x470.jpeg)
Биылғы жылы қаңтар-қазан айларында Қазақстанда 259,9 млрд теңгеге табиғи газ өндірілді. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,5% төмен, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Есепті кезеңде нақты мәнде 43 366,8 млн/м3 табиғи газ өндірілді, бұл да өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,5%-ға төмен. Ілеспе мұнай газ өндірісі 25 777,1 млн/м3 құрады, бұл 2021 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 2,9%-ға аз.
Айта кетейік, Қазақстанда табиғи газ өндірісімен 4 кәсіпорын айналысады.