Недра Казахстана

Елімізде көмір бағасы енді тоннасына тоғыз мың теңге болады

Жаңа жылыту маусымына дейін көмір 15%-ға қымбаттады. Индустриялық даму комитеті қатты отынның жаңа бағасын жариялады. Бұл туралы  Астана телеарнасы хабарлайды.

 

Тұрар Жолмағамбетовтің айтуынша, көмір құны тоннасына тоғыз мың теңгеге  өзгереді. Оған тасымалдау және сақтау қосылады.

“Коммуналдық-тұрмыстық көмір Ресейде 35 мың, Өзбекстанда 50 мың теңгеге дейін жетеді. Иә, шынында да, бізде баға өсті, бірақ салыстырмалы түрде әлеуметтік көмірдің бағасы ең қолжетімді”, – дедіть Индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары Тұрар Жолмағамбетов.

Қыркүйек айындағы көмір тапшылығы төңірегіндегі дүрбелеңді болдырмау үшін отынды елден әкетуге тыйым салынды. Дегенмен өткен жылы бірқатар жосықсыз компаниялар әлеуметтік көмірді шетелге сатыпты.

“Бізде әлеуметтік ағын тіркелді, яғни көмір мектептерге, ауруханаларға, бақтарға арналған. Өзбекстанға, Қырғызстанға, одан әрі Еуропалық Одаққа үлкен көлемде жіберілген фактілер болды. Сол үшін шара қолдануға тура келді. Енді автокөлікпен әкетуді шектеу жөніндегі бұйрық қабылданды”, – деді Тұрар Жолмағамбетов.

Другие новости

Back to top button