Социум

Елімізде энергия тапшылығы сезіледі

Елімізде бірер жылда энергия тапшылығы күрделене түседі. Құзырлы министрліктің есебінше, биыл сағатына 4,6 млрд кВт-қа жуық қуат жетіспеуі мүмкін.

Оған ең алдымен жергілікті энергия көздерінде апаттың жиілеуі себеп. Әрине мамандар қол қусырып отырмайды. Ескі нысандарды жаңғырту арқылы 2026 жылға дейін қуаты 1,5 ГВт болатын жобаларды жүзеге асырмақ. Таяуда маневрлі электр станцияларын салуға аукциондық сауда механизмі іске қосылды.

Екі аукцион нәтижесінде Қызылорда және Түркістан облыстарында жалпы қуаты 1,2 ГВт бу-газ қондырғыларын салатын мердігерлер анықталды. Халықтың қалтасына салмақ салса да Қазақстанның бірыңғай энергия жүйесінде тапшылық сезілетін болса, Ресейге сұрау салуға тура келеді. Көрші елдегі тариф бізден әлдеқайда жоғары.

Другие новости

Back to top button