Денсаулық

Елімізде донорға зәру науқастардың 70%-ы кезегі жетпей, қаза табады

Елімізде жүрек донорын күткен науқастардың 70 пайызы кезегі жетпей өмірден өтеді. Дәрігерлер бұл мәселені тез арада шешу қажет деп дабыл қақты. Бұл туралы 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасы хабарлайды. 

 

Қазақстанда 147 адамның жүрегін ауыстыру қажет. Заң бойынша азамат тірі кезінде өзінің жүрегін басқа адамға салуға рұқсат бермесе, кез келген адамның ағзасын алуға болмайды. Ал дамыған елдерде ағза трансплантациясы еш кедергісіз жасалады. Сол үшін отандық мамандар шетелдің тәжірибелеріне сүйеніп, елімізде денсаулық сақтау жүйесіне қатысты заңға өзгеріс енгізуді талап етеді.

Мамандардың айтуынша, бұл мәселені қоғамдық талқыға салу керек. Себебі бір ғана донор арқылы төрт-бес адамның өмірін аман алып қалуға болады.

Дәрігерлер қайтыс болған адамның ағзасын алу жеңілдесе, донорға мұқтаж жандар саны да азаятынына сенімді. Қазір елде бауыр және бүйрек ауыстыруға 4000 адам зәру.

Другие новости

Back to top button