Образование

Елімізде бірінші сыныпқа құжат қабылдау қашан басталады

1 сәуірден бастап Қазақстанда бірінші сыныпқа қажет құжаттар қабылданады. Бұл туралы Zakon.kz-ке Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, бірінші сыныпқа баруға өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады. Мемлекеттік білім беру қызметі egov.kz электрон үкімет веб-порталында және жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелерінде қолжетімді.

Орта білім беру комитетінің бас сарапшысы Ерлан Маемеров бірінші сыныпқа ата-анасының немесе заңды өкілінің жеке өтініші негізінде алты жастан бастап қабылданатынын, өтініштің өзі ерікті түрде ұсынылатынын атап өтті. Оған баланың денсаулығы туралы анықтама — № 065у нысаны, баланың денсаулық паспорты 026/у — 3 және екі дана көлемінде 3*4 баланың фотосы керек.

«Өтініштер демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады. Сонымен қатар 1-2 сәуір демалыс күндеріне сәйкес келетінін ескерсек, түскен өтініштің барлығы 3 сәуірде қаралады», дейді Ерлан Маемеров.

Другие новости

Back to top button