Павлодарская область

Екібастұздықтарға ТЖ кезіндегі электр энергиясы шығындарын кім және қалай өтейді

Екібастұз қаласының әкімі төтенше жағдай кезінде тұтынылған электр энергиясы шығындары қалай өтелетінін айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Екібастұз әкімі зардап шегуші ретінде қала тұрғындарына төтенше жағдай кезіндегі электр энергиясы шығындары өтелетінін мәлім етті. Аян Бейсекин ол үшін «Екібастұзжылуэнерго»  ЖШС акционерлерімен және «Горэлектросеть»  ЖШС меншік иелерімен келіссөз жүргізілгенін жеткізді, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

«Бұдан бұрын айтылғандай, жылу бойынша қатып қалған 70 шақты үй жылуға ақша төлеуден екі айға босатылады. Қала бойынша қалған тұтынушыларға тұтынылған электр энергиясы үшін төлемақы сомасы қайта есептеледі. Есептегіш құралдары болған жағдайда жеңілдірек, себебі барлығы тіркелген. Ал есептегіштер болмаса, қайта есептеледі, электрэнергиясын алмаған күндері үшін ақы төленбейді», — деді Аян Бейсекин.

Сондай-ақ ол «Екібастұзжылуэнерго»  ЖШС акционерлерімен төтенше жағдай кезіндегі шығындарды өтеу бойынша келісімге қолжеткізілгенін еске салды.

«Бұл жұмыстар жылу және қалалық электр желісімен бірге жүргізіледі. «Горэлектросеть» ЖШС-не қаражат аударылады. Осылайша абоненттердің есепшоттарына жіберу арқылы шығындар өтеледі. Ол үшін ешқайда барудың қажеті жоқ. Екібастұз тұрғындарына электр энергиясы шығындарын өтеу үшін өтініш жазудың қажеті жоқ», — деді ол.Аян Бейсекин жалған ақпараттың салдарынан тұрғындар  өтініштерді қабылдау пунктіне барғанын атап өтті.

Другие новости

Back to top button