Павлодарская область

Екібастұздағы төтенше жағдайға жауапты болған лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылады

Энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Ержан Салхановқа тәртіптік жаза жарияланды

Павлодар облысының Энергетика және ТКШ басшысы Ержан Салхановқа тәртіптік жаза тағайындалды. Сондай-ақ облыс әкімі Екібастұздағы төтенше жағдайға жауапты болған басқа да тұлғаларға қатысты тиісті кадрлық шешімдерді жақын арада енгізуге уәде берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy жергілікті Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Ел Президенті жергілікті атқарушы органдармен қажетті жұмыс жүргізуді, лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тартуды тапсырды. Осыған байланысты энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Ержан Салхановқа тәртіптік жаза жарияланды», — деді Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Екібастұз қаласында өткен жедел штаб отырысында.

Асайын Байханов Екібастұз қаласының лауазымды тұлғаларын жауапкершілікке тарту қажеттігі туралы айтты.

Сондай-ақ ол облыста Екібастұздағы ТЖ жұмысы үшін жауапты болған басқа да тұлғаларға қатысты тиісті кадрлық шешімдерді  жақын арада енгізуге уәде берді.

«Жұмысты қайта қарау керек, сіздердің бұл іске атүсті қарағандарыңыз дұрыс емес», — деді аймақ басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, Асайын Байханов Екібастұздағы жөндеу бригадалардың жұмысын күшейтуді жүктеді.Сонымен қатар, қалалық жылу желілерін жөндеуді тексеру кезінде «Павлодарэнерго» АҚ-ға Екібастұзға қосымша күш жұмылдыруды тапсырды.

Другие новости

Back to top button