Алматинская область
«Екеуі де сөйлеп жатты»: Алматы облысында болған жол апатынан жәдел жәрдем қызметкерлері көз жұмды
Жол апаты «Ақтабан» деген ауылдың маңайында болған
«Талдықорған – Лепсі» тас жолында жедел жәрдем көлігі мен жол жиегінде тұрған «Урал» жүк көлігі соғылған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Жедел жәрдем көлігінде жүргізуші мен фельдшер болған. Олар үлкен соққыдан далаға ұшып кеткен. Медицина қызметкерлері келгенше дейін тірі болған, өкінішке қрай, кейін көз жұмған.
Жол апатына куә болғандар екі адам да сөйлеп жатқанын айтады.
«Жүргізуші қырылдап бізге назар аудармады. Ал фельдшер өзінің атын айтып, бізбен сөйлесті. Ол өмірмен соңына дейін күресті. Ер азаматтардың қаза тапқаны өте өкінішті», — деді куәгер.
Жүк көлігінің жүргізушісі жолдың жиегіне көлігін жөндеу үшін қойған. Арнайы белгі тұрғанымен, жарығы сөніп тұрған. Жедел жәрдем көлігінің тас-талқаны шыққан.