Выбор редакцииКарагандинская область

Екеуі бала:Теміртауда көлік жүргізушісі төрт жаяу жүргіншіні қағып кетті(видео)

Теміртауда көлік жүргізушісі төрт жаяу жүргіншіні қағып кетті. Оқыс оқиға видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

 

Апат 31 желтоқсанда сағат 19:20-да болды. 23 жастағы «ВАЗ 2114» автомашинасының жүргізушісі Абай көшесімен Б.Момышұлы даңғылының бағытында жүріп өтіп, жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

«Апат салдарынан 54 жастағы жаяу жүргінші медициналық мекемеге жеткізілді. Факт полицияда тіркелді және тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады», – деді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметінде.

Айта кетейік, соқтығысу видеоға түсіп, әлеуметтік желіге тарап кеткен. Кадрларда жүргізуші бұрылыста тізгінге ие бола алмай, көлік сырғанап, 4 адамды қағып кеткені, оның екеуі балалар екені көрінеді. Ал полиция тек бір  әйел зардап шеккенін айтты.

 

Другие новости

Back to top button