Ақша

Дүниежүзілік банк Қазақстанға 350 млн еуро көлемінде несие берді

Несие 11,5 жылға берілген

Дүниежүзілік банктің Орта Азиядағы аймақтық директоры Татьяна Проскурякова мен ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Қазақстанның жекеменшік секторындағы бәсекені арттырып, коронавирус пандемиясынан кейін экономиканы қалпына келтіру үшін Дүниежүзілік банктің Қазақстанға 345,7 млн еуро қарыз беруі туралы келісімге қол қойды. Бұл туралы Kapital.kz хабарлайды.

Қарыз алу туралы келісімді Дүниежүзілік банктің директорлар кеңесі 2021 жылдың желтоқсанында мақұлдаса, ҚР Президенті тиісті жарлыққа 2022 жылдың 2 шілдесінде қол қойған.

Қарыз туралы құжаттың бағдарламасы бәсекелестікті дамыту, мемлекеттік сатып алу, жемқорлықпен күрес және экономиканы одан әрі цифрландыру мен қаржы секторын нығайту сияқты салаларды қамтыған.

«Өзге қарыздардан қарағанда, бұл несиенің бірқатар артықшылықтары бар. Несие 11,5 жылға берілген, қосымша жеңілдік ретінде 2,5 жыл беріліп отыр», — деп жазады басылым.

Бұл қаражат жекеменшік сектордың бәсекеге қабілеттілігін арттырып, пандемиядан кейінгі экономиканы қалпына келтіруге бағытталады

Дереккөзге сүйенсек, Қазақстан Дүниежүзілік банктер тобына қосылған соңғы 30 жыл ішінде қаржы ұйымының елімізге берген қолдауы 8,6 млрд доллардан асқан.

 

Другие новости

Back to top button