«Халықаралық жасыл технологиялыр» орталығының бұрынғы басшысы Олжас Ағабековтің үкімі өзгеріссіз қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Айта кетейік, ірі көлемде пара алып, алаяқтық жасағаны үшін сотталған Ағабеков соттың тамыздағы үкімімен келіспей, шағым түсірген болатын.
«Ағабеков пен оның қорғаушылары апелляциялық шағым түсіріп, өзін ақтауды сұраған. Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы 2024 жылғы 25 қыркүйектегі қаулысымен оның үкімін өзгеріссіз қалдырды», — деп хабарлайды Астана соттары.
Соттың шешімі бірден күшіне енді. Естеріңізге сала кетейік, Антикор Олжас Ағабековті «ҚазМұнайГаз» компаниясының Дубайдағы экологиялық шарасын ұйымдастыру кезінде жалпы сомасы 121,6 млн теңгені жымқырған деген күлікпен қолға түсіріп, ісін сотқа жолдаған болатын. Сот 2024 жылдың тамыз айында оны 9 жылға соттаған.