Ақша

Доллар тағы күрт құлдырады: 30 наурыздағы валюта бағамы қандай

Ұлттық банк бейсенбіге арналған валюта бағамын жариялады

Қазақстанның Ұлттық банкі 30 наурызға арналған доллар мен рубльдің теңгеге қатысты ресми бағамын белгіледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бүгін, яғни бейсенбіде доллар бағамы 6,35 теңгеге бір-ақ құлдырап, 448,39 теңге болып бекітілді.

Айта кетейік, өткен тәулікте таңертең америкалық валюта бағамы 455 теңге болған еді.

Ресей рублінің ресми бағамы 5,83 теңге болды.

Қазақстандық қор биржасының мәліметінше, бүгін таңғы сағат 8.00-дегі жағдай бойынша Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллардың орташа бағамы 447 теңгеден сатып алынып, 451 теңгеден сатылып жатыр. Астананың ақша айырбастау орындарында да орташа есеппен 446 теңгеден сатып алынып, 450 теңгеден сатылып жатыр.

Бүгінгі ресми валюта бағамы бойынша:

  • USD / KZT – 448,39 (АҚШ доллары)
  • EUR / KZT – 486,91 (еуро)
  • RUB / KZT – 5,83 (ресейлік рубль)
  • TRY / KZT – 23,43 (түрік лирасы)
  • CNY / KZT – 65,13 (қытай юані)
  • KGS / KZT – 5,13 (қырғыз сомы)
  • UZS / KZT – 3,94 (өзбек сомы).

Другие новости

Back to top button