Ақша

Доллар тағы арзандады: 31 наурыздағы валюта бағамы қандай

Ұлттық банк жұмаға арналған валюта бағамын жариялады

Қазақстанның Ұлттық банкі 31 наурызға арналған доллар мен рубльдің теңгеге қатысты ресми бағамын белгіледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

Бүгін, яғни жұмада доллар бағамы 0,21 теңгеге арзандап, 448,05 теңге болып бекітілді.

Айта кетейік, өткен тәуліктегі таңғы уақытта америкалық валюта бағамы 448,39 теңге болған еді.

Ресей рублінің ресми бағамы 5,82 теңге болды.

Қазақстандық қор биржасының мәліметінше, бүгін таңғы сағат 8.00-дегі жағдай бойынша Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллардың орташа бағамы 450 теңгеден сатып алынып, 455 теңгеден сатылып жатыр. Астананың ақша айырбастау орындарында да орташа есеппен 448 теңгеден сатып алынып, 452 теңгеден сатылып жатыр.

Бүгінгі ресми валюта бағамы бойынша:

  • USD / KZT – 448,05 (АҚШ доллары)
  • EUR / KZT – 486,58 (еуро)
  • RUB / KZT – 5,82 (ресейлік рубль)
  • TRY / KZT – 23,38 (түрік лирасы)
  • CNY / KZT – 65,09 (қытай юані)
  • KGS / KZT – 5,13 (қырғыз сомы)
  • UZS / KZT – 3,93 (өзбек сомы).

Другие новости

Back to top button