CANON ЗАМАНАУИ БИЗНЕСТІ ЖӘНЕ ЭНЕРГИЯ ТИІМДІЛІГІН ҚОЛДАУ ҮШІН ЖАҢА imageFORCE ҚАТАРЫН КЕҢЕЙТЕДІ

ЛОНДОН, Ұлыбритания, 7 мамыр 2025 жыл – Бүгін Canon компаниясы imageFORCE C5100 және 6100 өнімдерін нарыққа шығарады, аталғандар — көп функциялы құрылғылардың екі жаңа қатары, олар кәсіпорындарға жұмыс үдерістерін жақсартуға көмектесу үшін және жаңа деңгейлі өнімділік, сапа және инновациялар есебінен цифрлық трансформацияны жүзеге асыру үшін арнайы жасалған.
Canon компаниясының машиналық оқытуды пайдаланатын жаңашыл imageFORCE технологиялық платформасында жұмыс істейтін осы құрылғылар кәсіпорындарды жоғары сапалы және жоғары көлемде басып шығару мүмкіндіктерімен қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар көптеген артықшылықтар, атап айтқанда жоғары тиімділік, күшейтілген қауіпсіздік, жетілдірілген сенімділік және нығайтылған тұрақтылық береді.

Ықтимал ақауларды анықтауға және жұмыс үздіксіздігін сақтауға көмектесетін деректерді жинауға арналған жалғанған смарт—сенсорлар сияқты инновациялық функцияларының арқасында imageFORCE заманауи жұмыс кеңістігімен үйлесімді үндеседі. Canon ұсынатын кеңсе өнімдерінің, бизнес шешімдердің және қосымшақызметтердің кең қоржынымен қатар аталмыш құрылғыларүнемі өзгеріп отыратын қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін болашағы бар технологияларға инвестиция салғысы келетін ұйымдар үшін тамаша таңдау екені анық.

Марк Бори, Canon Europe Цифрлық басып шығару және шешімдер, маркетинг және инновациялар жөніндегі вице-президенті: «Ірі ауқымдағы технологиялық жетістіктер заманауи жұмыс орнын және бизнес жүргізу тәсілдерін, соның ішінде ЖИ, бұлттық қызметтер мен Заттар Интернетін түрлендіріп жатыр. Бұған қарымта жауап ретінде ұйымдар өнімділік пен өсуді жаңа деңгейге көтеру үшін инновациялар мен технологияларды енгізуі тиіс.
Біздің жаңа imageFORCE құрылғыларымыз клиенттерімізгекөп функциялы өнімдеріміздің арасында инновациялардың ең жоғары деңгейін ұсынады. A3 форматындағы флагмандық түрлі—түсті және ақ-қара үлгілер кәсіпорындарды кеңседе құжат басып шығаруға қатысты барлық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жаңашыл технологиямен қамтамасыз етеді әрі құжаттармен жұмыс істеуүдерістерін оңтайландыруға және өнімділікті арттыруға ұмтылатын ұйымдар үшін таптырмас таңдау болып табылады.
imageFORCE C5100 және 6100 серияларын ұсынамыз:
A3 форматындағы C5100 түрлі-түсті және 6100 ақ-қараүлгілері заманауи кәсіпорындар үшін көлемді құжаттарды басып шығару және сканерлеу шешімін қамтамасыз етеді, соған қоса бірқатар артықшылықтарға да ие:
Керемет басып шығару сапасы
Құрылғылар Canon әзірлеген жаңа, нарықта көш бастап тұрған, бірегей, ажыратымдылығы жоғары OLED технологиясын пайдаланады, аталмыш технология кәсіпорындарға 4800 нүкте/дюйм дейінгі басып шығару ажыратымдылығына қол жеткізуге, реңктері бірақлыпты, мәтіні анық және түс ығысуы азырақ, әлдеқайда қанық, жоғары сапалы баспа өнімдерін жасап шығаруға мүмкіндік береді — сапалы құжаттарды, презентацияларды, маркетингтік материалдарды және көптеген басқасын жасауүшін аса қолайлы.
Күшейтілген қауіпсіздік
Принтерлер іскерлік ақпаратты орасан зор көлемде өңдейді, бірақ қауіпсіздік қатерлері тұрғысынан көбінесе назардан тыс қалады. Canon компаниясының жаңа Қауіпсіздік ортасын бағалау технологиясының арқасында жаңа imageFORCE құрылғылары АТ ортасын талдау үшін машиналық оқытуды пайдаланады және тиісті қауіпсіздік баптауларын ұсынадыжәне қолданады.
Осылайша АТ саласында білімі мен тәжірибесі азкәсіпорындарға құжаттардағы, желілердегі және түпкі құрылғылардағы қауіпсіздікке қатысты осалдықтардыазайтуға мүмкіндік беріп, аса маңызды деректерді, құжаттарды және пайдаланушыларды қорғауға көмектеседі.
Жетілдірілген сенімділік
Смарт—сенсорлар мен машиналық оқыту есебінен жаңа imageFORCE құрылғылары белгілі бір бөлшектің қашан істен шығатынын болжауға және оны қашан ауыстыру керек екенінанықтауға көмектеседі, нәтижесінде кәсіпорындардың жұмысында іркілістер мен үзілістерді болдырмайды. Жаңа өнімдер қатары бүкіл қызмет ету мерзімі бойы жоғары өнімділікке кепілдік береді, сондықтан пайдаланушы тәжірибесі де жақсара түседі.
Нығайтылған тұрақтылық
Canon компаниясының тұрақты даму саласындағы еңбегіжақында EcoVadis жаһандық тұрақтылық ұйымының беделді платина рейтингінде атап өтіліп, жаһандық деңгейде бағалауға қатысқан компаниялардың 1% қатарына қосулыға себепші болды. Осы еңбек аясында жаңа imageFORCEC5100 және 6100 сериялары тұрақты даму мәселелерінескере отырып жасалған болатын, яғни олардың конструкциясында 30% қайта өңделген пластикпайдаланылады, бұл алдыңғы үлгілерге қарағанда айтарлықтай жақсырақ көрсеткіш болып табылады. Құрылғылар сонымен қатар қағаз бен энергияны тиімді пайдалануды қамтамасыз етуге көмектесетін экологиялық көрсеткіштерді бақылау технологиясын қамтиды, сонымен қатар нарықтағы жетекші энергия тиімділігін арттыру жаңалықтарының арқасында энергияны азырақ пайдаланады.
Мінсіз пайдаланушы тәжірибесі
Жаңа пайдаланушы интерфейсі пайдалану қарапайымдылығын жақсартатын және функционалдылыққа басымдық беретін кәсіпорындар үшін түйсік деңгейінде түсінікті, заманауи тәжірибе ұсынады. Құрылғылар бұлтқа еш кедергісіз қосылады және Cloud Connector немесе uniFLOW Online опциясы арқылы кәсіпорындардың қолданысындағы бағдарламалық жасақтамасына қосыла алады, осылайша физикалық қағаз құжаттар мен цифрлықпроцестер арасындағы алшақтықты азайтады.