Ғылым және техника

Canon 22-ші жыл қатарынан ауыстырылатын объективтері бар цифрлық камералардың әлемдік нарығында көшбасшылығын сақтап тұр

Canon Inc. Компаниясы бүгін ауыстырылатын объективтері бар цифрлық камералары (бір объективі бар айналы және айнасыз цифрлық камералары) 2003 жылдан 2024 жылға дейін қатарынан 22 жыл бойы әлемдік нарықта №11 үлесін сақтап тұрғанын хабарлады.

Ауыстырылатын объективтері бар Canon EOS цифрлық камералары — «Жылдамдық, жайлылық және жоғары кескін сапасы» негізгі тұжырымдамасына негізделген кескін қалыптастыру және өңдеу жүйесі, соған арнап компания жеке меншік негізгі компоненттерін, соның ішінде CMOS кескін датчиктерін, DIGIC кескін өңдеу процессорларын және ауыстырылатын объективтерді жасап шығарды. Кәсіби мамандар сенім артатын өнімділігі жоғары флагмандық үлгілерден бастап пайдаланушыларға қарапайым басқару арқылы толық ауқымды түсірілімнен ләззат алуға мүмкіндік беретін жаңадан бастағандарға арналған үлгілерге дейін өнімдердің кең ауқымын ұсына отырып, сондай-ақ шығармашылықта өзін-өзі көрсету үшін кең мүмкіндіктер ашатын RF және EF сериялы объективтердің 120-дан2 астам түрлері арасынан бай таңдауды қамтамасыз ете отырып, Canon клиенттерінің әртүрлі қажеттіліктерін қанағаттандыруды жалғастырып келеді.

22 жылдық тарихында EOS сериясы бірқатар көрнекті үлгілерімен нарықта көш бастап тұрды. Бір объективі бар айналы цифрлық камералар енді шыға бастаған кезде Canon 2003 жылдың қыркүйегінде өзінің аса озық EOS 300D камерасын (басқа аймақтарда EOS Digital Rebel немесе EOS Kiss Digital) ұсынды. Бәсекеге қабілетті бағасымен, сондай-ақ ықшам әрі жеңіл конструкциясымен ерекшеленген осы жаңашыл камераны шығарып, Canon бір объективі бар айналы цифрлық камералар нарығында өсуді күрт үдетіп, әлемдік нарықтың негізгі үлесін жаулап алды да, бір объективі бар айналы цифрлық камералар дәуірі басталғанын жария етті.

Canon EOS-1D сериялы және EOS 5D сериялы кәсіби үлгісін ұсынып, жаңа инновациялық камераларды шығаруды жалғастырды, сол камералар кейін бір объективі бар айналы цифрлық камераларға бейне жазуға жол ашты. Компанияның визуалды көрініс шекараларын одан әрі кеңейтуге деген ұмтылысы 2018 жылдың қазан айында құрамына 2020 жылдың шілдесінде шыққан толық кадрлы айнасыз EOS R5 камерасы —  8K3 сапада бейне жазу мүмкіндігі бар бірінші камера —  кіретін EOS R SYSTEM келесі буынын шығаруға және 2021 жылдың қарашасында жылдам қозғалатын нысандарды бақылаумен және үздіксіз түсірілім жүргізумен ерекшеленетін EOS R3 шығаруға әкелді. Сонымен қатар 2021 жылдың желтоқсанында компания виртуалды шындық контенті үшін бейне жазуға арналған EOS VR SYSTEM шығарды.

2024 жылы Canon өзінің EOS R сериялы камералары мен объективтері қатарын одан әрі кеңейту арқылы 22-ші жыл қатарынан әлемдік нарықтағы көшбасшылығын қайта нығайта алды.

Камераларға келер болса, Canon компаниясы бір құрылғының бойынан жоғары өнімділік пен әмбебаптылықты іздейтін гибридті шығармашылық маман иелеріне арналған толық кадрлы айнасыз EOS R5 Mark II камерасын (тамыз 2024 ж.) және алғашқы флагмандық EOS R SYSTEM үлгісі болып табылатын EOS R1 камерасын (2024 ж. қараша) шығарды. Екеуі де жаңа «Accelerated Capture» кескін өңдеу жүйесімен жабдықталған, сонымен қатар жоғары жылдамдықпен талдау мен жоғары жылдамдықпен түсіруге қол жеткізу үшін CINEMA EOS SYSTEM көмегімен жинақталған әртүрлі бейнетүсірілім функцияларын қамтиды.

Объективтерге келер болсақ, 2024 жылы Canon компаниясы толыққанды бейнеөндірісті қамтамасыз ететін L сериялы апертурасы кең монофокальды объективтер қатарын кеңейтті, сонымен қатар бейне және 3D кескін өңдеуге артып келе жатқан сұранысты қанағаттандыру үшін 3D виртуалды шындық бейнероликтерін жасауды жеңілдететін, объективтердің екі түрін қамтитын, RF4 объективтерінің 15 үлгісін қосты.

Болашақта Canon компаниясы жеке меншік бейне өңдеу технологияларын жетілдіруді жалғастырып, адамдардың күнделікті өміріне қанағат пен шаттық әкеледі әрі клиенттердің әртүрлі қажеттіліктерін қанағаттандыратын өнімдер, қызметтер және шешімдер арқылы фото және бейне мәдениетінің таралуына ықпал етеді.

1 Canon сауалнамасы негізінде.
2 Сатылатын объективтердің түрлері нарыққа байланысты әртүрлі болады. экстендерлердің төрт түрін қамтиды. 2025 жылдың 24 ақпанында жарияланған объективтер арасында
3 2020 жылдың 8 шілдесіне дейін шығарылған ауыстырылатын объективтері бар цифрлық камералар арасында
4 2024 жылы Canon келесі 15 RF объективін (RF Cinema объективтерін қоса) шығарды: RF-S 3.9mm F3.5 STM DUAL FISHEYE (маусым), RF 35mm F1.4 L VCM (шілде), RF 28-70mm F2.8 IS STM (қыркүйек), RF-S 7.8mm F4 STM DUAL (қараша), RF 70-200mm F2.8 L IS USM Z (қараша), RF 24mm F1.4 L VCM (желтоқсан), RF 50mm F1.4 L VCM (желтоқсан), CN-R24mm T1.5 L F (қаңтар), CN-R35mm T1.5 L F (қаңтар), CN-R50mm T1.3 L F (қаңтар), CN-R85mm T1.3 L F (қаңтар), CN-R14mm T3.1 L F (ақпан), CN-R20mm T1.5 L F (наурыз), CN-R135mm T2.2 L F (сәуір) и CN7×17 KAS T/R1 (қазан)

 

 

Другие новости

Back to top button