Образование

«Бұл — менің жіті бақылауымда»: министр лагерьде қайтыс болған оқушының мәселесі жайлы

Ғани Бейсембаев оқушының жақындарына көңіл айтты

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев “Балдәуренде” қаза болған оқушыға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhyтілшісі.

“Щучинскіде болған жағдай ауыр. Бәріміздің қабырғамызды қайыстырып отырғаны белгілі. Бірінші кезекте Нұрдәулет баламыздың қайтыс болуына орай ата-анасына көңіл айтамын. Бұл мәселе бойынша министрліктің комиссиясы құрылды. Барлық мәселе әділетті түрде қатаң тексеріледі. Бұл- менің жіті бақылауымда. Комиссияның тексеру қорытындысы бойынша лагерьдің басшысына қатаң жаза қолданылады”, — деді министр.

Қалған мәселелер бойынша құқық қорғау органдары қосымша тексерулер жүргізіп жатыр. Барлық мәселе толық белгілі болғаннан кейін нақты шешімді жариялаймыз”, — деп толықтырды Ғани Бейсембаев.

Айта кетейік, Щучинскідегі дарынды балаларға арналған «Балдәурен» лагерінде 14 жастағы оқушы қайтыс болды.

Другие новости

Back to top button