Бүгін Қазақстанның бірнеше облысында жаңбыр жауып, жел соғады
Тек еліміздің батысында жауын-шашынсыз ауа райы болады
Синоптиктер 12 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр жауады, солтүстікте, шығыста, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады, найзағай, екпінді жел, бұршақ, оңтүстікте дауыл болуы мүмкін. Тек еліміздің батысында жауын-шашынсыз ауа райы болады. Республика бойынша кей жерлерде тұман түседі. Облыстың оңтүстік-батысында шаңды дауыл соғады», — делінген хабарламада.
Павлодар облысының оңтүстігінде, күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз Абай облысының солтүстігінде қатты жаңбыр жауады.
Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында қатты ыстық сақталады.
Қызылорда облысының басым бөлігінде, Түркістан облысының оңтүстігінде, шығысында, Абай облысының Бесқарағай ауданында төтенше өрт қаупі сақталады.