Социум

Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн ыстық болады

Республиканың батысында шаңды дауыл соғып, жел күшейеді

Синоптиктер 2 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады.

«ҚР басым бөлігінің ауа райын ауқымды антициклон анықтайды, бұлтты және құрғақ ауа райы болуы мүмкін. Тек еліміздің солтүстік-батысында, батысында, шығысында фронталды бөліктерге байланысты жаңбыр мен найзағай жауады. Республика бойынша кей жерлерде, батыста шаңды дауыл соғып, жел күшейеді», — делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Ақтөбе, Алматы, Жетісу облыстарының басым бөлігінде, Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, Батыс Қазақстан, Абай, Қостанай, Қарағанды, Улытау облыстарының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, Ақмола, Қостанай облыстарының басым бөлігінде жоғары өрт қаупі болуы ықтимал.

Күндіз Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Қостанай, Ұлытау, Жетісу облыстарының басым бөлігінде, Жамбыл облысының оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында қатты ыстық сақталады.

Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының басым бөлігінде қатты ыстық болады.

 

Другие новости

Back to top button